Экологиялық түсіндірме сөздік әзірленіп жатыр - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Жақын аралықта елімізде экологиялық түсіндірме сөздік жарық көреді.

 Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрғали Әшімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда экологиялық терминдерді дұрыс  қолданбау, қате түсіндіру жағдайлары  орын алып жатады. Бұл, әсіресе, ресми құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда көп орын алатыны да шындық. Тіпті заң жобаларының мәтіндерінде де кейбір кездері жекелеген терминдердің қате аударылатыны бар», деді Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшімов. Оның айтуынша, осындай мәселелердің алдын алу үшін алдағы уақытта экологиялық түсіндірме сөздік шығару жоспарлануда. Осы мақсатта министрлікте қазақша‑орысша‑қазақша экологиялық түсіндірме сөздігінің жобасы әзірленген. Екі мыңға жуық экологиялық терминдерді қамтыған сөздік министрлік алқасы тарапынан мақұлданған, ендігі күні сарапшылар мен ғалымдардың ескертпелері бойынша толықтырулар жасалатын болады.

Соңғы жаңалықтар