Экологиялық төлемдердің барлығы Ұлттық қорға аударылып, табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын болады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Экологиялық төлемдердің барлығы Ұлттық қорға айдарылып, табиғатты қорғау шараларына жұмсалмақ.

Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовтың айтуына қарағанда, «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» бағдарламасы аясында өндіріс қалдықтарын басқарудың кешенді орталығын құру көзделеді.  «Жасыл даму орталығы» деп аталатын бұл орталық негізінен өндірістік қалдықтарды жою тәсілдерін әзірлеумен айналысады. Ал бағдарлама аясында құрылатын кәсіпорындар еліміздің зауыттары үшін шетелден әкелінетін қондырғыларды алмастыра алатын тауар түрлерін шығарумен шұғылданбақ. «Бағдарламаны қаржыландыру кәсіпорындардан қоршаған ортаны ластағаны үшін алынып, Ұлттық қорға аударылған төлемдер, айыппұлдар, шығынның орнын толтыру үшін аударылған қаражаттар есебінен жүзеге асады. Бұндай экологиялық төлемдер сомасы жылына   70-80 миллиард теңгенң шамасында болып отыр. Бүгінгі күні қоршаған ортаға келтірген залалы үшін кәсіпорындар төлеген төлемдердің 27 пайызы табиғатты қорғау шараларына аударылады», деді Н. Әшімов.

Соңғы жаңалықтар