Экологиялық тексеріс шараларының нәтижесінде 1,8 мыңға тарта заң бұзу дерегі анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экожүйені жақсарту бойынша жұмыстар қабылданған Экологиялық кодекс пен бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Бұл туралы Экология вице-министрі Зульфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол биылғы бірінші жартыжылдықта «АМӨЗ» ЖШС, «АЛЭС» АҚ, «Казцинк» ЖШС БКМК және «АХҚЗ» АҚ ірі кәсіпорындарына профилактикалық бақылау жасалғанын да атап өтті. Екінші жартыжылдықта тексерулер басқа кәсіпорындарда жалғасатын болады.

«2022 жылдың алғашқы 8 айында шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 969 тексеру жүргізілді. Оның ішінде, 189 профилактикалық бақылау, 494 жоспардан тыс тексеру, 286 өзге нысанды тексер жұмыстары қолға алынды. Бұлардың нәтижесінде экологиялық заңнаманы 1787 бұзушылық анықталып, 885 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 4 334,9 млн теңгеге 1563 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде жалпы сомасы 1574,2 млн теңгеге 1409 әкімшілік айыппұл төленді», - деді З.Сүлейменова.

Әкімдіктердің ақпаратынша, биылғы бірінші жартыжылдықта шамамен 2 млн тонна ҚТҚ құрылған, оның 23%-ы қайта өңделді. Республика бойынша әртүрлі кезеңде бөлек жинау 204 қала мен ауданның 134-інде енгізілді, ал 96 елді мекенде қоқыстар сұрыпталады.

«Саланы дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында әкімдіктерге қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу ұсынылды, ол үшін Экология министрлігі әдіснамалық көмек көрсететін болады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар