Экологиялық кодекске түзетулер енгізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымымен Экологиялық кодекске түзетулер әзірлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа Экологиялық кодексте қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша тарауларды қайта қарастыруға ниеттіміз. Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, бұл тарауларды күшейтеміз», - деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Қазақстандағы экологиялық бағалау жүйесін жетілдіруге арналған дөңгелек үстелде.

Одан бөлек, жаңартылған Экологиялық кодексте «Стратегиялық экологиялық бағалау» және «Трансшекаралық рәсімдер» атты жаңа тараулар қарастырылады және экологиялық бағалау жүйесі саласындағы қосымша және секторлық заңнамалар өзгертіледі.

Вице-министрдің айтуынша, заңнамаға ұсынылған өзгертулер экологиялық бағалауды анағұрлым тиімді және ашық етеді, экологиялық салдардың алдын алады және шаруашылық қыцзмет субъектілеріне артылған жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында ҚР отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты Стратегиялық экологиялық бағалау пилоттық жобаларының қорытындысы баяндалды. Оны әзірлеуге стратегиялық бағалау, энергетика, биоалуантүрлілік, климаттың өзгеруі және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылар тартылған.

 «Қазақстанның «жасыл» экономикаға кезең-кезеңімен көшуі аясында БҰҰ ЕЭК-нің Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша хаттамасына қосылу қажеттігін қарастыру маңызды болып қала береді», - деді С. Нұрлыбай.

Соңғы жаңалықтар