+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Экологиялық аспектіге басымдық берілген - Ақтау саммиті туралы сарапшы пікірі

2018 жылғы 13 тамыз 18:33
Бөлісіңіз:
Экологиялық аспектіге басымдық берілген - Ақтау саммиті туралы сарапшы пікірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Ғаділшиев Ақтау саммитінің қорытындысы туралы сараптамалық пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«V Каспий саммитінің қорытындылары көптеген мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілгенін көрсетеді. Әсіресе, Каспий маңындағы мемлекеттер үшін ережелер мен міндеттемелер егжей-тегжейлі көрсетілген құқықтық мәртебе туралы Конвенцияға қол қою маңызды. Мұндай стратегиялық құжатты қабылдау үшін көп күш-жігердің жұмсалғаны белгілі. Жоғары деңгейдегі сенімнің арқасында тараптар барлық мәселелер бойынша ортақ келісімге келді, бұл өте маңызды», - деді сарапшы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатта.

Оның айтуынша, бастапқыда Каспий маңындағы елдердің барлық қызметін реттейтін Тегеран конвенциясы арнайы құжат ретінде қарастырылған. Кейінірек мемлекет басшыларының, сыртқы саяси ведомстволарының және Бірлескен жұмыс тобының кездесулерінде келіссөздер процесіне серпін берген қосымша құжаттар қабылданды. Дегенмен, нақты қорытынды құжат қабылданбаған еді.

«Ақтау саммитінде қабылданған Конвенция кең ауқымды мәселелерді шешуге және аймақтағы қауіпсіздіктің кепілі болуға шақырады. Басқаша айтқанда, бұл - Каспийге арналған жаңа «Конституция». Тағы бір айта кетерлігі, жаңа құжат өзара іс-қимылдың аса өзекті мәселелері жөнінде, мысалы, терроризм туралы келісімдер пакетімен толықтырылады», - дейді Ә. Ғаділшиев.

Сондай-ақ, сарапшы экономиканың «баламалы» бір саласы болып табылатын браконьерлік мәселесін көтерді.

«Алғашында Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтар әлем бойынша бекіренің 80%-нан астамын құрады. Алайда, балықтардың үлкен көлеміне байланысты және табиғи ортадағы мұнай өнімдерінің ластануынан ақсерке мен бекіре популяциясы айтарлықтай азайды. Елбасы Н.Назарбаев көтерген бекіре тұқымдас балықтардың генофонды туралы мәселе өте маңызды. Мұнда тараптардың биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлгенін байқауға болады. Нәтижесінде саясаттың призмасы арқылы реттелетін болады», - деп атап өтті Каспийдегі барлық іс-әрекеттердің басым бөлігі экологиялық Ә. Ғаділшиев.

Сарапшының айтуынша, экологиялық аспект көп салаларда, ең алдымен өндіруші өнеркәсіп пен көлікте және балық аулау режиміне әсер етпек.

«Жалпы алғанда, Ақтау саммиті барысында қол қойылған Конвенцияны тиімді деп санауға болады. Ол көптеген салалар бойынша ұзақ мерзімге құқықтық негіз құрды. Келісімді жүзеге асыруда Каспий маңы мемлекеттері биологиялық тепе-теңдікті дамыту мен сақтаудың экологиялық аспектілеріне көбірек назар аударатын болады, сондай-ақ, экономикалық мақсатқа да қол жеткізетін болады», - дейді Ә. Ғаділшиев.

Автор: Азамат Сыздыкбаев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT