USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Экология пәні 1 қыркүйектен бастап жүйелі түрде басталады - Асхат Аймағамбетов

2020 жылғы 17 тамыз 18:36
Бөлісіңіз:
Экология пәні 1 қыркүйектен бастап жүйелі түрде басталады - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы оқу жылынан бастап экология туралы қосымша білім беру, сынып сағаттары басталады. Бұл туралы экологиялық білімге қатысты Facebook-тегі KUN.KZ ашық медиа платформада өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда ауа сапасы нашарлайды Астаналық архитектор LRT-ның орнына жерүсті саябақ тұрғызуды ұсынды Экология мәселелеріне арналған жол карталарының нәтижесі қандай

«Экологиялық білім беру, экологиялық тәрбие беру мәселесі өзекті екені сөзсіз, сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі« пәнін енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма берілгеннен бастап жұмысты бастап кеттік. Осы жұмысқа басқа мемлекеттік органдар да өте белсенді араласуда. Мемлекеттік емес ұйымдардан да өте жақсы ұсыныстар келіп жатыр. Бұл - осы мәселенің өте өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр «, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, басты мәселе - Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау.

«Біздің алдымызда дайын болсақ та, болмасақ та аталған пәнді 1 қыркүйекте мектеп бағдарламасына енгізу туралы талап тұрған жоқ. Біз ең алдымен берілетін білім мазмұнына, баланың жас ерекшелігіне қалай сәйкес келетінін және әдістемелік жағын да қарастырамыз. Мұндай жұмыс асығыс болмау керек. Сабақта, сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру өте маңызды. Бұл сабақты бір пән ішіне кіргізіп қойсақ - тиімділігі жоғары болмайды», - дейді ол.

Министр экологияға қатысты тәрбие: ойын, жоба, олимпиадалар арқылы жүзеге асуы керектігін айтты.

«Бала тек қана естіп қана қоймай, қолмен жасап көргені дұрыс болады. Президент тапсырмасын орындау жолы мен әдісі көп. Биылғы оқу жылынан бастап экология туралы қосымша білім беру, сынып сағаттарын бастаймыз. Жалпы жұмыс 1 қыркүйектен жүйелі түрде басталады», - дейді Білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT