USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Экология министрлігінің ұжымы «Қазақстан халқына» қорына 1 күндік жалақысын аударады

2022 жылғы 15 қаңтар 13:21
Бөлісіңіз:
Экология министрлігінің ұжымы «Қазақстан халқына» қорына 1 күндік жалақысын аударады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесі анықталды «Қазақстан халқына» қорына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударады Астаналық архитектор LRT-ның орнына жерүсті саябақ тұрғызуды ұсынды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. ​Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды.

Қор Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккендерге, халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT