Экология министрлігінің қызметкерлері елорда көшелерін қардан тазалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы сенбіде Мағзұм Мырзағалиевпен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген қар тазалау акциясына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

#BizBirgemiz челленджіне министрліктің 200-ден астам қызметкері қатысты. «Экология министрлігінің ұжымы бүгін астанадағы қар тазалау акциясын қолдады. Оң жағалаудағы саябақты тазарттық. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қар қалың жауғандықтан, коммуналдық қызметке көмек керек-ақ. Еріктілер жылында бұл да бір игілікті шаруаның басы болды. Баршаңызға жəрдемдеріңіз үшін мың алғыс!», - деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі өз парақшасында. Атап айтқанда, Экология министрлігінің қызметкерлерінің күшімен Кенесары мен Республика көшелерінің қиылысындағы саябақ қардан тазартылды. 3 КАМАЗ қар шығарылды.

Естеріңізге салсақ, жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық əртіс Тұрсынбек Қабатовтың астана аулаларын қардан тазарту туралы ұсынысын қолдаған болатын. «Волонтерлер жылындағы орынды бастама», - деп жазды ол Twitter парақшасында.



Соңғы жаңалықтар