Экология министрлігіне Қарағанды өңіріндегі экология мәселесін қадағалау жүктелді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының индустриалды дамуы азаматтардың өмір сүру сапасына зиян келтірмеуі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Облыстың, әсіресе ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан қалалардың тұрғындары экология мәселесін үнемі көтеріп отырады. Өнеркәсіптік алыптардың қызметі қоршаған ортаны ластайтын белгілі бір шығарындылармен байланысты екені түсінікті. Дегенмен, қабылданған міндеттемелер, стандарттар мен нормалар бар, олар қатаң сақталуы керек. Аймақтың индустриалды дамуы азаматтардың мүдделеріне және адамдардың өмір сүру сапасына зиян келтірмеуі керек.

Экология министрлігі бұл мәселені қадағалауы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі барысында.




Фото:t.me/bort_01






Соңғы жаңалықтар