+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Экология министрлігі балық өнімдерін бақылайтын ақпараттық жүйе енгізбек

2020 жылғы 27 ақпан 17:08
Бөлісіңіз:
Экология министрлігі балық өнімдерін бақылайтын ақпараттық жүйе енгізбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Атырау қаласында Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі кеңесте Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның Telegram-ына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады Сергей Громов қырғыз тарапымен еліміздің оңтүстік өңіріне су беру мәселесін талқылады БҚО-да 1,2 тонна балық алып келе жатқан жүргізуші ұсталды

«Министрлік өзінің алдына мынадай міндеттер қойып отыр. Біріншіден, түрлі мəліметтер бойынша, 100-190 мың тонна болатын көлеңкелі айналымды азайту үшін балық өнімдерінің ақпараттық бақылану жүйесін енгізу қажет», - деді М.Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, балық өнімін көлеңкеден шығару салық көлемін 40 млрд теңгеге дейін арттырады. Бұл жүйені енгізу Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігімен бірге іске асырылады.

Экология министрлігі басшысы, сонымен қатар, браконьерлікпен күрестің тиімділігін арттыру мəселесін көтерді.

Оның пікірінше, браконьерліктің ауқымын азайтуға едəуір ықпал ететін осы қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатқан қылмыстық заңнамаға енгізілген түзетулермен бірге заманауи техникалық құралдарды да пайдалану қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT