+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Экология министрлігі АрселорМиттал Теміртауға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

2021 жылғы 20 ақпан 15:19
Бөлісіңіз:
Экология министрлігі АрселорМиттал Теміртауға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семей тұрғындары сенбілік акциясын өткізді Бурабайда салынып жатқан алтын өндіру фабрикасында 1 мың адам жұмыспен қамтылады Қазақстан мен Финляндия экология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Тексеру себебі Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген нормаларынан асып кету фактісі тіркелгендігімен байланысты.

Сонымен, 19 ақпанда, сағат 16: 30-да, үрлеу кезінде газды тазартатын алғашқы скруббердің қабырғаларына жабысқан шаң N 2 конвертерге құлады. Балқу дереу тоқтатылды.

Экология министрлігі азаматтардың аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты алаңдаушылығымен бөлісетіндігін де хабарлаймыз. Сондықтан, осындай фактілерге қатысты жедел шаралар қабылданатын болады.

Ашықтық және бейтараптылық қағидаттарына негізделген тексеру қорытындылары бойынша,
Экология министрлігі баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа экологиялық кодекске сәйкес ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ), яғни бүгінгі күні шығарындылар деңгейін барынша төмендету үшін заманауи сүзгілерді енгізуі тиіс. Бұл талап заңмен бекітілген және биыл күшіне енеді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында Экология министрлігі аталған компаниямен 2023 жылға дейін шығарындыларды 30% - ға төмендету туралы Меморандумға қол қойғанын хабарлаймыз. Өңір тұрғындарының қатысуымен өткен соңғы кездесу кезінде министр Мағзұм Мырзағалиев АрселорМиттал Теміртау басшылығынан сәуірде шығарындыларды нақты жоспармен және сандармен азайту жөніндегі стратегияның тұсаукесерін өткізуді талап етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT