+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты

2020 жылғы 2 шілде 01:01
Бөлісіңіз:
Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көбейтұздың балшығын әкетпек болғандар қандай жаза тартты Елордада «Құстар ұясы фестивалі» байқауы өтеді Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін

Сапар аясында министр Садоба су қоймасындағы апаттан кейін аймақтағы нысандарды қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«Өңірде суармалы жерлердің көлемін арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын 122 каналды жөндеу және қайта салу сынды ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1500-ден адам жұмылдырылған. Тағы мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылады», деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Атап өтсек, бұл ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сумен қамтуға арналған стратегиялық маңызға ие жұмыстар. Оның толыққанды жүзеге асырылуы облыстағы ауыл-шаруашылығы өнімдері көлемінің артуына жол ашпақ. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ мемлекет жекелеген көкөніс түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен арылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT