Экология министрі Теміртаудың экологиялық инспекторымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы Абылай Қабдырашты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Жас маманға өңірдегі экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаға қатысты құқықбұзушылықтар туралы мәліметтерді жедел жеткізіп отыру қажеттігін айтты.

«Теміртаудың халқы, қоғам өкілдері өте белсенді. Сол халықпен, БАҚ-пен жұмыс істеу керек. «Арселор Миттал» сияқты ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста болып, жұмыстарын қадағалауы керек. Сондықтан бұл өте жауапты жұмыс», - деді министр кездесуде.
Айта кетейік, Қазақстанда бұрын жекелеген қалаларда экологиялық инспектор қызметі болмаған. Теміртауда бұл қажеттілік қаланың нашар экологиялық жағдайы әсерінен туындап отыр. 2020 жылы Теміртау қаласының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасы қабылданған. Ауаға ластаушы заттарды негізгі шығарушы - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шығарындыларды азайту бойынша 23 іс-шара атқаруы тиіс. Сонымен бірге қалада 500 мың ағаш отырғызу туралы келісім жасалған.


Соңғы жаңалықтар