Экология министрі Маңғыстауда кен орнында мұнай төгілгенін растады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында мұнай төгілгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, шынында да мұндай факті 17 шілдеде болған. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының күшімен жағдай реттеліп, қазір мұнай ағып жатқан жоқ», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Төгілген мұнайды тазарту жұмыстарын жүргізу керек. Ең бастысы, төгілу жағдайы уақтылы анықталып, тоқтатылды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар