Экология министрі Каспий теңізін зерттеу рәсімінің қай кезеңде екенін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізін зерттеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл зерттеулерді қысқа мерзімде жүргізу мүмкін емес. Қазіргі кезде ТШО мен NCOC компанияларымен тиісті уағдаластық бар. Бұл ретте тендер ашық түрде жүргізіледі. Оған біздің тәуелсіз экологиялық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттары қатыса алады», - деді С. Брекешев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір тендерге қатысты рәсімдер жүріп жатыр.

«Осы жұмысты жалғастырып жатырмыз және тұрақты бақылауда ұстаймыз. Біз үшін теңіз және жағалауда кен орындарын игерудің антропогендік әсерін, сондай-ақ адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпалын зерттеу маңызды болып тұр. Оның нақты мерзімін дәл қазір айта алмаймын. Дегенмен тендер өткізу рәсімдері жүріп жатыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар