Экология министрі қалдықтарды бөлек жинау мәселесі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қалдықтарды өңдеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір басты мәселе – қалдықтардың шамадан тыс жиналуы екенін бірнеше рет айттық. Осыған байланысты қалдықтарды тұрақты басқару бойынша «Waste-to-Energy» технологиясы бойынша энергия алу мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі нысандар салу сияқты іс-шаралар есебінен қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесін және кәдеге жаратуды 18%-дан 34%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Одан бөлек, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер мен дәріханаларда медициналық қалдықтарға арналған экобокстар орнату жоспарлануда.

«Тұйық циклді экономиканы дамыту шеңберінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинауға арналған алаңдар құру болжанып отыр», - деді С. Брекешев.

Бұған дейін Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы туралы айтып берген еді. Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.



Соңғы жаңалықтар