Экология министрі елдегі су тапшылығы мәселесі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі су тапшылығы мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл су тапшылығына мәселесі қиын жағдайды көрсетті. Бастысы қаншама қиыншылықтарға қарамастан вегетация кезеңіндегі жағдай тұрақты. Дегенмен су мәселесі қашанда біздің басты назарда», - деді М. Мырзағалиев.

Айта кетсек, бүгін Экология министрі ҮЕҰ өкілдері және эко-белсенділермен бірге еліміздегі су шаруашылығы саласына қатысты мәселелерге арналған онлайн кездесу өткізді.

Алдымен М. Мырзағалиев егін маусымында отандық фермерлерді сумен қамту мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтып берді.

«Фермерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында біз келесі жұмыстарды жүргіземіз. Біріншіден, көрші елдермен қарым-қатынас. Сырдария өзені бойынша біз Қырғыз елімен қосымша су ағызу туралы келісімге келдік. Вегетация шыңында (маусым-тамыз) Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 миллион текше метр су қоры болады. Дәл осындай су көлемін Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы да уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп, биыл 16 маусымда «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісу бойынша маусым-тамыз кезеңіне арналған жұмыс кеңесінің хаттамасына қол қойылды», - дейді ол.

Одан бөлек, министр елімізде қаншасу қоры барын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар