+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Экология министрі Бурабайда ағаш кесу оқиғасы туралы айтты

2019 жылғы 3 қазан 16:32
Бөлісіңіз:
Экология министрі Бурабайда ағаш кесу оқиғасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша тексерудің нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаш кесу оқиғасы бойынша шұғыл шаралар қабылдануы керектігін тапсырған болатын.

«Президент тапсырмасын орындадық, осы орайда тиісті тексеріс жүргізілді. Бұл жағдай бойынша ағаш кесу шарасы алдын ала келісілген екен, яғни Бурабайдың жаңадан дамытылып жатқан туристік кластеріне инфрақұрылымды тарту үшін трассаны өткізуге қатысты болып отыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, мердігер ұйымның күшімен алдағы уақытта ағаш отырғызу шаралары жүзеге асырылмақ.

«Шынымен де трассаны өткізу кезінде ағаштар кесілген болатын. Осы орайда, ағаш отырғызу жөнінде Ақмола облысының әкімімен уағдаластық жасалды. Бұл тұрғыда аталған аумақта әрбір кесілген ағаштың орнына екі түптен кем емес ағаш отырғызылады», - деп нақтылады министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT