USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Экология: 50 ірі кәсіпорынды озық технологияларға ауыстыру көзделуде

2020 жылғы 28 қазан 10:38
Бөлісіңіз:
Экология: 50 ірі кәсіпорынды озық технологияларға ауыстыру көзделуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәжілісмендер алдында Экологиялық кодексінің жобасын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат депутаттары тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған бейбіт тұрғындардың жақындарына көңіл айтты Үкіметпен бірлесіп жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыруымыз керек - Нұрлан Нығматулин

««Ластаушы төлейді» қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралар жатады. Сонымен қатар қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс. Бұдан басқа экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті», - деді Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу шартымен бірінші санаттағы нысандар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуі тиіс. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды.

«Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Айта кетерлігі, осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың сексен 80 пайызы тиесілі. Кодекстің жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ОВОС) жүргізу туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралып, негізінен экологиялық қауіпті нысандарға баса назар аударылатын болады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT