ЕҚҚДБ Алматыда салынатын қалдық полигонының құрылысын қаржыландыратын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Еуропаның Қайта құру және даму банкі инфрақұрылымының басқарушы директоры Томас Майер бастаған делегацияны қабылдады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында аталған банктің мегаполистің бірқатар жобаларына - тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің қазіргі заманғы полигонын, жеңіл рельсті көлік желісін салу және сыртқы көше жарығын құру жобаларына қатысуы сөз болды.

Қала басшысы банкпен біріге отырып жүзеге асыратын бұл жобалардың Алматы үшін аса маңызды екендігін айтты.

«Біздің өзара іскерлік байланысымыз экологияны, транспорт қызметінің сервисін, энергетиканы модернизациялау сияқты әлеуметтік мәселелерге бағытталған. Нәтижесінде, бұл шаралардың барлығы алматылықтар тұрмысын жақсартуға ықпал етеді», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы аталған банкпен 5 жыл ішінде бірлесіп жұмыс істеу барысында жалпы құны 121 млн АҚШ доллары болатын әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асқанын айтты. Атап айтқанда, өзара іскерлік байланыс нәтижесінде электротранспорттың қозғалмалы құрамы жаңартылды.

Екінші муниципалды автобус паркін ашу қолға алынып, 195 жаңа троллейбус, 400 автобус сатылып алынды, 10 қосалқы станция жаңартылды.

Өз кезегінде ЕҚҚДБ-дің басқарушы директоры Томас Майер бірге жұмыс істеудің екі жаққа да тиімділігін және мегаполиспен қарым- қатынасты одан әрі дамытуға ынталы екендіктерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар