Екінші тоқсанда Германия экономикасы қатты құлдырады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германия экономикасы коронавируске байланысты сәуір-маусым айларында өткен тоқсанмен салыстырғанда 10,1%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федералды статистикалық ведомствоға сілтеме жасап.

«Бұл Германияның ІЖӨ-нің тоқсандық статистикасы тіркеле бастаған 1970 жылдан бергі ең үлкен құлдырау көрсеткіші», - деп хабарлады ведомствода.

Құлдырау көрсеткіші Германия тарихындағы бұрынғы нашар көрсеткіштен әлдеқайда асып түсті. Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде 2009 жылдың бірінші тоқсанында 4,7% - ға төмендеген еді.

Еуропаның ірі экономикасының ЖІӨ жылдық есептеуде сәуірден маусымға дейін 11,7%-ға төмендеді.

«Мұндай едәуір құлдырау көрсеткіші 2008-2009 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде де байқалған жоқ», - деп көрсетілген стаистикада.

Федералды статистика ведомствосы сонымен қатар, биылғы жылдың екінші тоқсанында тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының, үй шаруашылығы шығындары, көліктер мен жабдықтарға салынған күрделі қаржы жұмсалымының жаппай төмендеуі байқалатынын хабарлайды.

Еске сала кетейік, Германия үкіметі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ГФР-дағы ең нашар экономикалық құлдырау көрсеткішін күткен болатын. Биылғы жылы жалпы ішкі өнім 6,3% -ға төмендеуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар