Екінші орта салмақтағы ең үздік боксшы «GGG»-мен бокстасқысы келеді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Танымал британдық промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) екінші орта салмақтың ең үздік боксшысы Каллум Смитпен (25-0-0,18КО) бокстасуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат boxingscene-қа сілтеме жасап.

Эдди Хирнның айтуынша, Головкин Каллум Смиттың ең бірінші таңдауы.

«Мен жақында GGG-ның менеджері Том Леффермен сөйлестім. Алайда, алдыңғы аптадағы баспасөз мәслихатынан кейін хабарласпадық. Смит Головкинмен бокстасқысы келеді. Менің ойымша, Смит-Головкин жекпе-жегі Энфилд стадионын (сыйымдылығы 54 мың адам) көрерменге толтыра алады, қаржылық табысыда айтарлықтай көбейер еді. Әрине, ол үшін GGG Алварес сияқты екінші орта салмаққа ауысуы керек. Ал Головкин бұл салмаққа келгісі келсе Каллум Смит оған жақсы таңдау. Алайда, Алвареспен үшінші жекпе-жек алдында ол бұндай тәуекелге баратын-бармайтынын білмеймін»,-деді Эдди Хирн.

Айта кетейік, Каллум Смит екінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша супер чемпион және осы салмақтағы әлемдің рейтингте бірінші орында.

Эдди Хирн қазақстандық Данияр Елеусінов және англиялық Келл Брук, Каллум Смит және Энтони Джошуа, америкалық  Дэниел Джекобс сынды танымал боксшылардың промоутері.

Соңғы жаңалықтар