+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:22
Бөлісіңіз:
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды. Бұл туралы «Atamnyn amanaty» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті Петропавлда биыл 13 адам ата-ана құқығынан айырылды Атырау облысында құжаты жоқ 12 адам анықталды

«Қазақстан жерінен соғысқа 1,5 миллионннан астам жауынгер мен офицер майданға аттанса, соның 271 мыңы із-түзсіз жоғалғандар санатына жатады. Кез келген жауынгер үшін көмусіз қалу және із-түзсіз жоғалғандар тізіміне ену үлкен қасірет саналатын шығар. Сондықтан да біздің бірлестік осы есімдерді ұрпақтарының жадына оралту мақсатында құрылған еді», - деді ол онлайн баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, ол үшін арнаулы сайт құрылған және оған соғысқа аттанып із-түзсіз жоғалған жақындарын іздеген кез келген адам жүгіне алады.

«Биыл 3 мыңнан астам өтінім түскен еді. Оның ішінде 600 өтінімді орындап, ұрпақтарына 600 жауынгердің есімін қайтара алдық», - деді Мұрат Молдағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT