Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері ай сайын 201 мың теңгеден алып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеевтің айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 289 адамға ай сайын 193 714 теңгеден төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 20 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отырады. Оны негізінен аға буын өкілдері алады – соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері және басқа да азаматтар. Нәтижесінде биыл 1 мамырда ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері - зейнетақыны қоса есептегенде 193 714 теңге. Бұл Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан 289 адамға төленеді. Ұлы Отан соғысы мүгедектері үшін 201 615 теңге 98 адамға төленеді», - деді министрдің орынбасары.

Оның мәліметі бойынша, Ауғанстан, Вьетнам, Мысыр, Ирак сияқты басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 24 943 адам ай сайын мемлекеттен 205 041 теңге алады.

«Соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдар үшін 161 174 теңгені 303 886 адам алады. Екінші дүниежүзі соғысының мүгедектеріне теңестірілген азаматтар үшін төленетін 124 409 теңгені 14 780 адам алады. Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін төленетін 132 060 теңгені 69 242 адам алады», - деді вице министр.

Бұған дейін Президенттің Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар