Екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруі 5,7 трлн. теңгені құрап отыр - Б. Тәжіяқов

None
None
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қазіргі күні экономиканы несиелендіруі 5,7 трлн. теңгені құрап отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңды талқылау барысында Ұлтық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2009 жылғы қыркүйектегі мәлімет бойынша қазақстандық банктердің сыртқы міндеттемелері 31,7 млрд. долларды құраған болатын. Жылдың басында бұл міндеттемелер 46 млрд. доллар шамасында еді. Екінші деңгейлі банктер бұл борыштың 14,1 млрд. долларын өтеді.  Сонымен бірге, Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді несиелер беріп келеді. Өз кезегінде бұл банктер Қазақстан экономикасына да қолдау жасап отыр. Мәселен, екінші деңгейлі банктердің қазіргі күні ел экономикасын несиелендіруі 5,7 трлн. теңгені құраса, соның ішінде 1,6 трлн. теңге жеке тұлғаларға қатысты несие болып табылады», деді Бисенғали Тәжіяқов.

 Оның айтуынша, 2010-2014 жылдардағы ақша-кредит саясатының басты бағыты жылдық инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұру болып табылады. «Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасы үшін үлкен сын. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банк тұрақты макроэкономикалық жағдайды қалыптастыру үшін дұрыс және қажетті шаралар қабылдайтын болады», деді ҰБ төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар