Екібастұзға әуелі жылу беріледі, содан кейін ыстық және суық су жіберіледі - энергетик

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Сарапшы Екібастұзды жылумен қамтамасыз ету жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мамандар қалалық жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіретін дұрыс алгоритмді таңдады. Алдымен жылу беріледі, содан кейін ыстық және суық су жіберіледі, кәрізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғыны және тәжірибелі инженер ретінде мен қала, облыс және басқа қалалардың кәсіпорындары жүйелерді жылыту және баптау бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтемін», - дейді Екібастұз энергетигі Евгений Сайбаталов.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.

Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 11 тұрғын үй қалды.

Соңғы жаңалықтар