Екібастұздың оқушылары мен студенттері бүгін де қашықтан оқиды

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұздық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұз қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, 9 ақпанда мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан өтеді. Балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін екібастұздық студенттер мен оқушылар 8 ақпанда онлайн білім алғаны хабарланған болатын.

7 ақпанда ЖЭО-да жылу беру параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептері мен колледждерінде ауа температурасы санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановқа Екібастұз қаласындағы тұрғындардың пәтерлері мен әлеуметтік нысандарындағы температуралық режимді тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Павлодар облысының әкімдігі екібастұздықтардың пәтерлерінде және қаладағы әлеуметтік нысандарда температуралық режимді тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар