Екібастұздық 14 жасар қызға зорлық жасады деген күдікке ілінді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Оқиға Екібастұздағы суда болған. Жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғаннан 14 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Оқиға суға шомылатын орында болған. Онда жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген. Күдікті – 28 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Аталған факті бойынша ҚК 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ПД-дан.



Соңғы жаңалықтар