Екібастұздық 1300-ден астам бала қыста елдегі демалыс кешендерінде демалады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Екібастұздық 1300-ден астам бала қыста елдегі демалыс кешендеріне демалады.

Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында партия төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы ресми каналының мәліметінше, іс-шараға партия өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, облыстық партия активі қатысты.

«Зардап шеккен отбасылардың баспаналарында жөндеу жұмыстары басталады. Осы кезде Екібастұздағы балаларды еліміздегі, соның ішінде Түркістан облысындағы шипажайларға жіберуге де болады деп санаймын. «AMANAT» партиясы 1300-ден астам оқушының қысқы каникул уақытында елдегі демалыс кешендеріне баруына жағдай жасайды», – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ партия төрағасы Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар табысталды.

Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар