Екібастұздағы жылыжайда миллионға жуық раушан гүлі өсірілді

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұздағы жылыжайда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне миллионға жуық раушан гүлі өсірілді. Мереке қарсаңында мұнда гүлдердің екі жаңа сұрыпы пайда болды. Бұл кәсіпорынға сауда көлемін кеңейте түсу мүмкіндігін тудырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саудаға «Аваланч» пен «Аваланч беж» сияқты гүлдің жаңа екі түрі шығарылды. «Red naomi» сұрыптары сияқты бұл гүл түрлері де тұрғындардың арасында танымал. Олар ірі әрі әдемі голланиялық раушан гүлдері»,-деді жылыжай кешені директорының орынбасары Айтмағамбет Сәрсенбекұлы.

Голландиялық раушан гүлдерін өсіруге арналған жылыжай 2016 жылы ашылған. Мүнда 70 адам еңбек етуде.
null

Соңғы жаңалықтар