Екібастұздағы жылыту бекеттерінде қайырымдылық өнімдері үлестіріліп жатыр - фейк

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұздағы жылыту бекеттерінде қайырымдылық өнімдері таратылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылыту бекеттерінің орындарында қайырымдылық өнімін тарату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болған адамдар үшін қажетті жағдайларды (жылу, ыстық тамақ және демалыс орындары) жасауға арналған 14 жылыту бекеті ұйымдастырылғанын еске саламыз», - делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.

Құзырлы орган дерегінше, жылыту бекеттерінің мекенжайлары:

- № 4 мектеп - Абай көшесі 84;

- № 18 мектеп - Академик Марденов бульвары көшесі 7;

- № 21 мектеп – Петренко көшесі 7;

- «Өнер» қалалық мәдениет орталығы – М.Әуезов көшесі 149;

- Музыка мектебі – М. Әуезов көшесі 55/1;

- № 5 мектеп - Павлов көшесі 5;

- № 7 мектеп-гимназия - Кеншілер көшесі 20;

- «Қайнар» білім беру және демалыс кешені - Абай көшесі 121А;

- Достык үйі - М.Жүсіп көшесі 101;

- «Савой» мейрамханасы - М.Жүсіп көшесі 101;

- «Арасан» монша кешені – Екібастұзға 40 жыл көшесі 52;

- № 23 мектеп – Қ.Сәтпаев көшесі 24;

- № 36 мектеп – Қ.Сәтпаев көшесі 23;

- «Алтын дән» кафесі - М.Мәметова көшесі 70.

Соңғы дерек бойынша, бүгін Екібастұздағы көпқабатты 71 проблемалы үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілген. Қазір пәтерлер ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде.


Соңғы жаңалықтар