Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің мәліметі бойынша, жылыту жүйесіндегі техногендік апат салдарынан 4 үйге зақым келгені мәлім болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Матералдық зардап шеккен үйлердің саны – төртеу. Қыста үйді жылуға қосу өте қиын процесс. Қатып қалған батареяны жылытып, қайта қосу үлкен кәсібилікті талап етеді. Сондықтан, жан-жақтан кәсіби білігі жоғары мамандарды тартып жатырмыз», - деді қала әкімі.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.


Соңғы жаңалықтар