Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 27 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Екібастұздағы өрт: 7 адам құтқарылды

2017 жылғы 14 қараша 22:22 1100
Бөлісіңіз:
 Екібастұздағы өрт: 7 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон өртке оранып, құтқарушылар жеті адамды ажалдан аман алып қалды, оның екеуі - бала.

 Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Оқиға таңғы 4:41 шамасында орын алған», - дейді мамандар. - Беркімбаев көшесі, 95 мекенжайындағы үйдің алтыншы қабатында екі бөлмелі пәтердің балконы өртеніп, ескі ағаш заттар жанған. Қызыл жалынның аумағы төрт шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер алтыншы қабатқа саты орнатып, жеті адамды құтқарды, оның екеуі бала болған. Айта кетейік, өрттің шығу себебі қазіргі уақытта анықталу үстінде.

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат