Екібастұздағы мектеп-балабақшалардың жылу желісі ертеңнен бастап жөнделеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жылу желісін жөндеу жұмыстары ертең басталады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук осындай мәлімет берді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы қазіршгі таңда басты мәселе - үйлерді жылумен толықтай қамту екенін еске салды.

«Қазір бар күшті тұрғын үйлерге салып жатырмыз. Тұрғын үйлердегі жылу, кәріз, суық су желісінің көрсеткіштерінің бәрі қалыпқа келуі керек. Ертеңен бастап-ақ әлеуметтік нысандардың жылу желісі мен құбырларын жөндеуге кірісеміз. Біздегі №52 орталық жылу пунктіне жалғанған 3 әлеуметтік нысан бар. Одан басқа, кейбір нысандардың жылу көрсеткіштері төмендетілген болатын. Жылу жүйесі түгел қалпына келген бойда олардың жұмыс режимін де қалыпқа түсіреміз», - деп түсіндірді Олег Крук.


Соңғы жаңалықтар