Екібастұздағы ГРЭС-1 жобасы 2023 жылы аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1 жобасының аяқталу мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз қаласы еліміздің энергетикалық орталығы болып табылады. Мұнда бүкіл Қазақстандағы энергия генерациясының 40% астамы өндіріледі. Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймағының негізгі энергия көздері болып есептеледі», - деген министр ГРЭС-1 бірінші энергоблокты қалпына келтіру арқылы станция қуатын 500 МВт-қа ұлғайтуға болатынын атады.

«Бұл Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі тұтынудың болжамды өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешенді жоспарда көзделген инвестициялар сомасы 66,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны «Самұрық-Энерго» іске асырмақшы. Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-1 жобасының әзірлігі шамамен 41,8% пайызды құрайды. Оның ішінде 88,3% ескі жабдық бұзылып алынды, 33% жаңа жабдық құрастырылды. Жобаны 2023 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.




Фото: samruk-energy.kz


Соңғы жаңалықтар