Екібастұздағы «Богатырь Көмір» серіктестігі орта буын басшыларының қылмысы ашылды

None
Кадр из видео/t.me/afm_rk
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автобаза директоры серіктестікте басшылық қызмет атқаратын басқа лауазым иелерімен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді.

Қылмыстық схема бойынша көлік құралдарының қосалқы бөлшектері есептен шығарылып, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қойылған. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан, арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Ал, күдіктілер жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған. Ұсталғандардан ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді.

Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді.



Соңғы жаңалықтар