Екібастұздағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Павлодарға көшіріледі - облыс әкімі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Павлодарға көшіріледі. Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 14-30-дағы Екібастұз қаласындағы жағдай. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін Павлодарға көшіреміз. Ауруханаларға келсек, әзірге ондағыларды көшіру үшін автобустарды дайын ұстап отырмыз. Таяу уақытта штаб отырысын өткіземіз», - деп жазды Әбілқайыр Сқақов Іnstagram парақшасында.

Облыс басшысының парақшасында жарияланған видеодан оның балаларды қолдау орталығында және ауруханаларда болғанын, ондағы қызметкерлермен әңгімелескенін көруге болады.

«Қазір бір қазандықты қосып жатырмыз. Ол қазандықты 60 градусқа дейін көтереміз деген жоспарымыз бар. Бірақ, қауіп те жоқ емес. Төтенше жағдай ғой, дала да суық. Сондықтан, балаларды Павлодарға жеткізген дұрыс шығар», - деді ол балаларды қолдау орталығы қызметкерімен сөйлесу барысында.

Видеодан алынған кадр/instagram.com/skakov_abylkair


Соңғы жаңалықтар