Екібастұздағы әуежайды қайта қалпына келтіру жоспарлануда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз әуежайы қалаға және көрші Баянауылға ағылған туристер мен өнеркәсіп өкілдерінің қажетіне жарайтынына жергілікті билік сеніммен қарап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баянауылда туризм жақсы дамып келе жатқанын білесіздер. Сонымен қатар инвесторлардың назарын тартып отырған Екібастұздың өнеркәсіп секторы да қарқын алып келеді. Сондықтан да қаламызға бұл нысан қажет. Әуежайды қайта жандандыру ісіне қатысуды қалайтын кәсіпкерлер бар. Мәселе тек нысанның бағасында болып отыр», - деді Павлодар облыстық әкімдігіндегі аппарат отырысында Екібастұз әкімі Қайрат Нүкенов.

Қ. Нүкенов Екібастұз қарқынмен дамып келе жатқанын айтты. Сондықтан қала әуе қатынасына зәру болып отыр. Оны қайта жандандыруға инвесторлар әзір.

Әуежай 1990 жылдары ашылған. Алматыдан Мәскеуге ұшқан ұшақтар Екібастұзға қонатын. Бірақ Азаматтық авиация комитеті анықтаған кемшіліктер себепті мұндағы ұшақ қатынасы тоқтатылған. Кейіннен нысан мүлдем жабылды.


Фото: gotravelto.kz

 

Соңғы жаңалықтар