Екібастұздағы апатқа қатысты тергеу амалдары екі айға жуық жүреді – Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық іс Павлодар облысындағы арнайы прокурорлардың қарауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

«Бұл іс бойынша екі аптаға жуық тергеу жүріп жатыр. Осы апаттың мән-жайы, кінәлілер анықталады. Қазір іс бойынша бірқатар сараптама белгіленді. Жақын арада толық ақпарат аласыздар деп ойлаймын», - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша екі айға дейін тергеу амалдары жүргізіледі. Қазіргі уақытта прокурор бұл іске қатысты саралау қорытындысын аяқтамаған. Саралау жұмыстарынан кейін кінәлілер анықталады.

«Тиісті жұмыстар атқарылғаннан кейін, нақты адамдардың аты-жөні аталады», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар