Екібастұздағы апат қаладағы электр жүйесіне салмақ түсіруде

Фото:
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда жылытқыштарды шамадан тыс қосу нәтижесінде энергияны пайдаланудың орташа жүктемесі 32 мегаваттан 52-ге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

«Горэлектросеть» ЖШС қаладағы орталықтандырылған жылумен қамту мәселесіне байланысты қала тұрғындарына өтініш жасады.

«Қазіргі таңда қаланың электр желілеріне үлкен жүктеме түсуде. Сондықтан жылжымалы электр қуатының үзілуіне жол бермеу үшін мүмкіндігінше пәтерге бір жылытқыштан артық қоспауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

«Горэлектросеть» ЖШС және «ДомЭнергоСеть» ЖШС мамандары сыртқы және үй ішіндегі электр желілерінің зақымдануының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар