Екібастұздағы апат: 152 пәтер жөндеуден өткізілді

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Қалада төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, бүгінде 152 пәтерде жөндеу жұмыстары аяқталған, тағы 100 пәтерде жұмыстар жалғасуда.

«Желтоқсан айынан бері «Лидер декор» ЖШС екібастұздықтардың төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ақаулар актісі жасалғаннан кейін құрылысшылар жұмысқа кірісуде, – деді кәсіпорында.

Барлық құрылыс материалдарын «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС беруде.

Кәсіпорынның хабарлауынша, пәтер иелері қабырғаға жабыстырылатын түсқағаздар мен еденге төселетін линолеумдерді өздері таңдайды және жұмысты қабылдап алуға қатысады.


Фото: Есенжол Исабек

Соңғы жаңалықтар