Екібастұздағы 8 учаскеде жылу беру уақытша тоқтатылады

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - 21 қаңтарда Екібастұз қаласында 8 учаскедегі жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Екібастұз қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарына 12 дәнекерлеуші, 18 темір ұстасы және 7 инженерлік-техникалық жұмысшы, сондай-ақ 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.

📍Марғұлан көшесі, 1 «а»-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 1 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

📍М. Жүсіп көшесі, 58/1-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 1 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;

📍12 линейный көшесі бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 32 жеке тұрғын үй мен 4 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

📍М. Әуезов көшесі, 61/1, 65-үйлер бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 2 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

📍Шевченко көшесі, 30-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 9 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;

📍Южный көшесі, 8-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 15 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

📍Торайғыров көшесі, 32-үй бағытында қайта жөнделген жылу желісін
қайта кесу, осыған байланысты сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін 1 әлеуметтік объектіні жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;
📍А. Молдағұлова көшесі мен Восточный проезд бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін 5 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда.
Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жылудан ажыратылған үйлердегі жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі.


Фото: instagram.com/ekibastuz_akimdigi
Соңғы жаңалықтар