Екібастұзда жылуды қалпына келтіру жұмысына 484 адам жұмылдырылған - жедел штаб

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны айтылған.

Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмысына барлығы 484 адам жұмылдырылды.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.

Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалды.


Соңғы жаңалықтар