Екібастұзда жылу желісіне жалғанбаған 19 үй қалды – әкімдік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең қалада 28 тұрғын үй жылусыз отырғаны хабарланғанын білесіздер. Қазіргі таңда солардың тоғызына жылу берілді. Сонда енді 19 үй қалып отыр. Бұл бүгінгі жағдайда өте жақсы нәтиже», - деді әкімнің міндетін атқарушы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығныда апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.


Соңғы жаңалықтар