Екібастұзда жылу желісін жөндейтін бригадалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Үкіметтің баспасөз қызметі Екібастұздағы жөндеу бригадалары тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

1 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты. Оның орнына уақытша Олег Крук тағайындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.

Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалды.


Соңғы жаңалықтар