Екібастұзда жылу желілерін жөндеу жұмысы қалай жүріп жатыр

None
Фото: Валерий Бугаев
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы ЖЭО жылу желілері мен жабдықтарын жөндеу жұмысының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде Екібастұз ЖЭО-да газ құбырлары мен түтін мұржасын жөндеуге кірісті.

Жұмыстың бірінші кезеңінде аралық біліктерді орнату, газ құбырларын бөлшектеу, төбелерді жөндеу, қабырғаларды орнату және № 6, 7, 8, 9 қазандық агрегаторларының газ құбырларын қалпына келтіріледі.

Кейін № 3 түтін мұржасын жөндеу басталады.

Осы жұмыс барысында ішкі астарын жаңарту, қышқылға қарсы өңдеу, сыртқы жабынды жөндеу, бетон қабатын қалпына келтіру, жарық қоршауларын ауыстыру жәнебасқа шаруалар атқарылады.

Кеншілер қаласында жылумен қамту желілерінің де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Екінші жылу магистралінде ұзындығы 853 м құбыр мен 6 жылу камерасы бөлшектеліп, жаңа құбырларды орнату үшін топырақ қабаты төселіп жатыр; 5-ЖМ-де 2,4 км желілер, 2 орнықты және 24 жылжымалы тіреулер бөлшектелді; 8-ЖМ-де 1,2 км ескі құбырлар бөлшектеліп, жаңа желілердің монтажына кірісті, d530 216 метр құбырларды орнату жүргізілді; 12-ЖМ-де 1,8 км тозған құбырлар бөлшектелді, 3 орнықты тіреулер орнатылды және диаметрі d530, ұзындығы 598 метр жаңа құбырдың монтажы жүргізілді.

Сонымен бірге, гидравликалық сынақтан кейін анықталған ақаулар жойылып, жылу желілері жаңартылып жатыр.

Қазіргі кезеңде анықталған 269 ақаудың 220-сы жойылды, осы жұмыстың барысында 12 км желі құбырлары толығымен ауыстырылды.

Аймақ басшысы желілерді жөндеу жұмысының қарқынын баяулатпай, оны 12 маусымға қарай аяқтап, Екібастұз тұрғындарына жылдамдатып ыстық су беру керек екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар