Екібастұзда жылу мен су беруде тағы проблема туындады

None
Фото: pavlodarnews.kz
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат –Екібастұз жылу электр орталығында қалаға беретін судың температурасы түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, 4 наурыз күнгі сағат 21:00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысымы жағдайында ЖЭО-дан шығатын су температурасы 46 градусты құрады.

«Станцияда төрт қазандық: №6, 9, 14, 15 қазандықтары жұмыс істеп тұр. Алдағы тәулікте №5 және №11 қазандықтарды да іске қосу жоспарлануда. Бұл температураны 65 градустан асыруға мүмкіндік береді», - деді кәсіпорында.

Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң №12 қазандықты да іске қосу жоспарланған. Станция қызметкерлері жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Айта кетейік, ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 65-70 градус болса, оңтайлы температура саналады.

Еске салайық, 18 ақпан күні түнде Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды.

3 наурызда ЖЭО- басшылығына 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынғаны белгілі болды.

Қалада былтырғы жылдың 27 қарашасында болған апат салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар