Екібастұзда жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында жергілікті серіктестік жұмысшысы электр қуаты разрядынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында кәріз құбырларын тазарту кезінде кран электр сымына тиіп кеткен. Электр қуаты разрядынан серіктестік жұмысшысы қаза тапты», - деп мәлім етті Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар