Екібастұзда жоғалған ер адам он тоғыз күннен бері әлі табылмады

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда жоғалған ер адам әлі табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қазаннан бастап Екібастұз қаласының Полиция басқармасы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Покотиленко Денистің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полицияға жоғалған адамның жұбайы 13 қазанда сағат 09.00 шамасында жарының Екібастұз қаласының М.Жүсіп көшесі, 42 үй мекенжайынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған. Полиция барлық аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ жақын маңдағы аймақтарға хабарлама таратты,

«Оларды полиция іздейді» стендтерінде, оның ішінде полиция пункттерінде және адамдар көп жиналатын орындарда (дүкендерде, автобус аялдамаларында, базарларда және ауылдық әкімдіктерде) ақпарат орналастырылған, облыстың әлеуметтік желілері мен БАҚ-дарында жарияланған. Сондай-ақ сақшылар 40-қа жуық бейнебақылау камерасын қарады.

«Полиция қызметкерлерінен басқа, іздестіруге «Vita» ЕІТ, «Легион 14» ІГЖ еріктілері және қоғамдық мәселеге бейжай қарамайтын қала тұрғындары белсенді қатысады. Күн сайын іздеу жұмыстары жалғасып, барлық нұсқалар пысықталуда. Ер адамның туыстарымен және таныстарымен әңгімелер жүргізілді. Шатыр және жертөле бөлмелері, азаматтардың көп жиналатын орындары, ойын-сауық және көңіл көтеретін орындары тексерілді. Қонақ үйлер, жалдамалы пәтерлер, компьютерлік клубтар, сауда орталықтары, шаруа қожалықтары, қараусыз қалған ғимараттар, құрылыс алаңдары, саябақтар мен скверлер, кәріздер, гараж нысандары тексерілді. Қоғамдық көлік, такси жүргізушілеріне және жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтардан жауап алынды. Бүгін біз саяжай мен дала массивтерін тексереміз. Кез келген ақпаратты полиция назарға алады», – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Полиция Покотиленко Денистің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 102, 8 (7187) 75-06-06, 75-05-45 телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Айта кетейік, Денис Юрьевич Покотиленко, 1988 жылы 28 мамырда туған, бойы - 170-175 см., дене бітімі орташа келген, шашы қысқа. Ол қара түсті күртеше (куртка), қара қалпақ, қара шалбар, қара түсті аяқ киімде (кроссовки) болған. Өзімен бірге ұялы телефоны мен сұр түсті рюкзагы бар еді.


Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ekibastuzda-zhoghalghan-er-adam-ali-tabylmady/


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар