Екібастұзда желілерді қалпына келтіру жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырылған

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы 4-еуі резервте, Бұл – қаладағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штабтың 3 желтоқсан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша жариялаған ақпараты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 298 адам және 53 техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда:
1) Сәтпаев көшесі 8/3 мекенжайында – кәріз жүйесін жылыту;
2) Мәшһүр Жүсіп көшесі 46 мекенжайында – жылу жүйесінен су ағызу;
3) Мәшһүр Жүсіп көшесі 42 мекенжайында – жертөлені жылыту;
4) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – пәтерлерді тексеріп шығу;
5) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – полиция бекетін жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
27 қарашадан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 48 көппәтерлі және 28 жеке үйде жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. 28 тұрғын үй және 72 жеке үй, 3 білім беру нысаны және 1 әкімшілік ғимарат жылумен жабдықталмаған.
Екібастұздың жылыту пунктілеріне барлығы 213 адам орналастырылды: оның 6-ауы – бала.


Соңғы жаңалықтар